Яссауи жолы: Қазақстандағы дәстүрлі сопылықтың діни-философиялық, әдеби және лингвистикалық мұрасын кешенді зерттеу
Жоба мемлекеттік тапсырыс аясында 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасының 101 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілердің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» кіші бағдарламасы, 154 «Зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша арнайы тапсырысы негізінде жүзеге асырылуда (01.10.2025 ж. шарт №324/25-27ПЦФ).
Бағдарламаның мақсаты
Қожа Ахмет Яссауи мен оның тариқатының діни-философиялық, әдеби және лингвистикалық мұрасын жан-жақты зерттеу, оның қазақ даласындағы исламның қалыптасуындағы, қазақ мемлекеттілігі мен ұлттық бірегейлігінің орнығуындағы рөлін ашу, сондай-ақ оның түркі мәдениетінің, әдебиеті мен тілінің дамуына әсерін анықтау арқылы қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани бірлік пен мәдениетаралық диалогты нығайту.
Ғылыми жаңалық пен практикалық маңыздылықтың сипаттамасы
Ғылыми жаңалығының негіздемесі:
Қожа Ахмет Яссауиге арналған көптеген зерттеулерге қарамастан, оның мұрасының көптеген аспектілері жеткілікті зерттелмеген. Бұл бағдарлама Яссауидің және оның тариқатының діни-философиялық, әдеби және лингвистикалық мұрасын жан-жақты зерттеу үшін түрлі гуманитарлық ғылымдардың әдістерін біріктіретін кешенді тәсілді ұсынады.
Ғылыми негіз:
жоба командасы түркі халықтарының тарихын, философиясын, әдебиетін және тілін, сондай-ақ исламтану және сопылықты зерттеу саласында айтарлықтай ғылыми негізге ие. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Сәрекенова К.К. "Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» лингвомәдениеттанулық кодтары" AP14870245 тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асырып, табысты аяқтады. Сонымен қатар, Философия, саясаттану және дінтану институтымен, Жошы Ұлысы институтымен, сондай-ақ А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтымен жасалған консорциумдық келісім (1-қосымша) бағдарламаны әзірлеудің ғылыми негізін сапалы түрде күшейтуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаны орындаушылар
КЕАҚ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»;
ҚР ҒЖБМ ҒК
«Философия, саясаттану және дінтану институты» ШЖҚ РМК;
ҚР ҒЖБМ ҒК
«Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты» ШЖҚ РКМ;
ҚР ҒЖБМ ҒК
«А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» ШЖҚ РКМ;
Егер сіз Яссауи еңбектерімен таныс болсаңыз немесе тарикатқа қатысты қолжазбаларыңыз болса, бізге жазуды сұраймыз